Ақшалы арабқа қалай күйеуге шығуға болатынын үйретуде

0
556

ТикТок әлеуметтік желісінде Dubai-Nazira атымен тіркелген қыз қазақ қыздарына бай арабқа қалай тұрмысқа шығуға болатынын айтып, ақыл-кеңес берді деп жазады Democrat.kz.

«Дубайға келетін қыздардың басты сұрағы — бай арабқа күйеуге шығу. Бай арабты қайдан табуға болады және арабтар қазақтың қызын ала ма деген сұрақ сұрайды. Әрине, арабтар қазақтың қызын алады. Бірақ 2-ші, 3-ші, 4- ші әйелі етіп алады. Арабтар бірінші әйелін арабтан алады. Арабтарға өз елінде заң жүзінде басқа қызбен танысуға болмайды. Сондықтан да олар қыздарды әлеуметтік желілерден табады. Біздегідей бұл жақта күйеуіңді өзім ғана иеленем дейтін «собственник» бола алмайсыз. Араб еркектері сізге қалаған уақытында келеді. Өйткені сіз жалғыз емессіз. Оның басқа да әйелдері бар. Бұл жақта «қайда жүрсің, жұмысың 6-да бітті ғой» дей алмайсыз. Сондықтан біздің турмен келіп, сосын танысып, тұрмысқа шығып кетесіздер», — дейді Назира.

Жұрт бұл видеоға қатысты «қазақтың қыздарын үгіттеп жатырсың ба?», «бұны жауапқа тарту керек қой», » арабтың әйелі емес, құлы боласың деші», «қалай таныссақ болады» деген сыңайдағы пікірлер жазып жатыр.

Фото интернеттен алынды. 

@dubai.nazira

♬ оригинальный звук — Авторлық тур — авторский тур