“Ақшаны бояп” жемқорлықтан құтыламыз

0
93

Антикор «ақшаны бояу» пилот жобасын масштабтауға кіріспек деп хабарлайды Democrat.kz ақпараттық порталы.

Антикор цифрлық теңге арқылы бюджет қаражатын игеру процесінде «ақшаны бояу» пилот жобасын масштабтауға кіріспек.

Бұл тетік Ұлттық Банк пен Қаржы министрлігінің Қазынашылығымен өзара іс-қимыл жасай отырып енгізетін «цифрлық теңге» платформасы негізінде іске асырылады.

«Ақшаны бояу» пилот жобасы бірінші жемқорлыққа неғұрлым бейім салаларға енеді. Олар – жол салу, ӘКК-нің бөлінген қаражатын пайдалану және ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын сатып алуды субсидиялау.

Фото ашық дереккөзден алынды.