Ақшаңызды жіберіп онлайн құрбан шалыңыз

0
1359

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биыл онлайн құрбан шалуға мүмкіндік беретін арнайы сайтты іске қосқанын хабарлады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Сайт арқылы құрбандық малын таңдап, Kaspi QR арқылы қажетті қаражатты аударуға болады.  Қой мен ешкіні жеке адам, ал ірі қара мен түйе малын бір немесе 7 адам бірігіп шалса болады. Тапсырысыңыз сәтті өтсе, ұялы телефоныңызға смс хабарлама келеді. Құрбандық шалынған соң оның фото және бейне есебі тапсырыс беруші көрсеткен нөмірге жіберіледі», – делінген діни басқарма хабарламасында.

Сайтта белгіленген баға бойынша:

Қойдың құны – 75 мың теңге;

Ірі қараның құны – 490 мың теңге (оны жеті адам бірігіп шалса, орта есеппен әрбіріне 70 мың теңгеден шығады).

Сайт арқылы құрбан шалуға емес, құрбан етін алуға да өтініш қалдыруға болады.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.