Ақтаудағы ұшақ апаты: Әуе компаниясы зардап шеккендерге қанша өтемақы төлейді?
«Әзірбайжан әуе компаниялары» ЖАҚ Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына төлейтін өтемақы мөлшерін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Компания мәліметінше, әрбір жәбірленуші 20 мың манат (6 миллион теңгеден астам), ал әрбір қаза тапқан адамның отбасы 40 мың манат (шамамен 12 миллион теңге) алады.
«Әзірбайжан әуе компаниялары» ЖАҚ Бақылау кеңесінің шешімі бойынша Қазақстан Республикасының аумағында 25.12.2024 жылы апатқа ұшыраған Баку-Грозный J2-8243 рейсін орындаған «Әзірбайжан әуе компанияларына» тиесілі Embraer 190 ұшағының бортында болып, зардап шеккендердің әрқайсысына 20 мың манат, ал қаза тапқандардың әрқайсысының отбасына 40 мың манат мөлшерінде өтемақы төлейді. Сонымен қатар, барлық жолаушылар Әзірбайжан Республикасының заңнамасына және алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибеге сәйкес қолданылатын тиісті сақтандыру төлемін алады», — делінген компанияның ресми мәлімдемесінде.
Еске сала кетейік, 25 желтоқсан күні Ақтауда Бакуден Грозныйға бағыт алған Әзірбайжан әуе компаниясына тиесілі ұшақ апатқа ұшырап, 38 адам қаза тапты. Оның ішінде 6 Қазақстан азаматы бар.