Ақын Мұхтар Шаханов әлеуметтік желіде сынға ұшырады (ВИДЕО)

ТикТок әлеуметтік желісінде тараған видеода ақын Мұхтар Шаханов бір шумақ өлеңімен жұрттың сынына қалды деп жазады Democrat.kz.
Видеода ақын ағамыз: “Сөздің көркі – мақалия, шалдың көркі – тоқалия, жігіт көркі – сақалия, депті Мұхтар Шахания” дейді.
Ақынның осы бір шумақ өлеңді видеосына қатысты жұрт “мына кісіге не болған”, “ұят емес пе, осы жасында” десе, келесі тарап “әзілдеп отыр ғой”, “атамыз 100 жасасын”, “бұл кісідей қазаққа еңбегі сіңген адам аз” деген сыңайда пікір жазуда.
Фото видеодан скринделді.
@mambetov__theatre