Ақырзаманның мәһшары басталды ма?

0
360

Журналист, блогер Жанат Бақыт көрерменін тағы бір жаңалығымен таңғалдырды деп хабарлайды Democrat.kz ақпараттық порталы оның парақшасына сілтеме жасап.

«Мәһшар сәті немесе судный день -адамзаттың ақіретте қайта тіріліп, жақсылығы мен жамандығы таразыға тартылып, есеп беретін жері» дейді дінде. Біз бұл сөздің мәнін бұған дейін – Жаратқанның алдына барып, ұзын-сонар отчет тапсырамыз деп елестетіп келдік.

Бірақ бұл жерде «адамның қайта тіріліп» деген сөзі тұр ғой, оны қалай түсінеміз?» деп сауал тастаған Жанат Бақыт өз сұрағына:
«Карма, инкарнация, реинкарнацияның мәнін ұғынып, бұған дейінгі өмірде кім болдық, не бітірдік, тағдыр кітабымызға қандай опыт жинадық  – Рухымыхға есеп беруіміз екен. Мәһшар сәтінің мәні осы.

Ал есеп беру барысында – өткен өмірлерде біреуге қарыз болсақ, біреудің ақысын жеп қойсақ – қазіргі переход кезеңінде біздің Рух соны өтетіп жатыр» дейді. Ал алаяққа алданудың себебін көріпкел-блогер:

«Кредитке, қарызға кіріп кетіп, алаяққа тап болып жатқан себебіміз сол.
Ол-негізінде өзіміздің берешек ақшамыз. Өтеп жатырмыз. Ғалам себебі өте әділ. Не үшін өтетуде? Жаңа дәуірге- жаңа, тап-таза адам болып қадам басуыңыз үшін» деген жауаппен түйіндейді.

Фото көрнекілік үшін ашық дереккөзден алынды.