Алаңда тақуа қыздың хиджабын жұлып, дал-дұлын шығарды (ВИДЕО)

0
896

Қазақ қоғамында оқушы қыздарға хиджаб кигізу мәселесі өршіп тұрғанда, көрші елде бұл мәселе тіпті сұмдық жағдайға айналуда деп жазады Democrat.kz.

Мәскеудің Кремль тұрған қызыл алаңында жігітімен серуендеп жүрген қыздың сыртқы сипатына  хиджабты қыз тіл тигізген. Оқиғаның қалай болғанын әлгі қыздың жігіті Олег: «Ол күні біз қызымыз екеуміз серуендеп қызыл алаңда жүргенбіз. Құрбымның денесінің 60 шақты татуировка жасалған. Үстінде ашық, өте қысқа киім киген.

Сол кезде қызыл алаңда серуендеп жүрген хиджабты қыз өзі килігіп: «Сен таза емессің! Бұлай киінуге болмайды! Күнәһарсың!» деп бар даусымен бақырды. Бұған шыдамаған қызым әлгі қыздың дал-дұлын шығарып, хиджабын басынан жұлып алды», — деген Олег сол күні өздерін видеоға түсіріп алғандар болғанын айтып, сол видеоларды жариялауды сұрады.

Айта кетейік, Ресейде мұсылман әйелдердің басындағы орамалын жұлып тастау оқиғасы тым жиілеген. Таяуда ғана сауда үйінде егде әйел бір қыздың хиджабын жұлып алып, «қайдан келдің, сонда құры! Бұл жер сендердің жерлерің емес!» деп бақырған оқиға орын алған еді.

Мұнан бөлек те, көрші елде мұндай оқиғалар көптеп болуда. Мұның себебін ресейлік әлеуметтанушылар соңғы уақытта «Аллаһу әкбар!» деп лаңкестік жасағандардың әрекетімен байланыстырады.

Дайындаған — Хақназар САДЫРХАН.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды. 

@olegator_live

‼️основа (olegionat) 13к‼️#сорвалахиджаб #мусульмане #краснаяплощадь #тату #хиджаб

♬ оригинальный звук — olegator_live