Алапат жер сілкінісі болуы мүмкін бе?

0
27

Нумеролог Құралай Бақыт елімізде болатын төтенше жағдайлар туралы ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ. тілшісі.

Жыл саны – 8, яғни гравитация жылы. Жер тыныс алатын жыл деп атасақ болады. Бұл биыл жер сілкінісі жиі болады деген сөз. Кезең бойынша: қаңтар, ақпан, маусым, шілде, тамыз айлары. Ал көршіліс елдерде наурыз айында жер сілкінісі болуы мүмкін,-деп болжады Құралай ханым.

Сондай-ақ нумеролог елімізде биыл қай уақыт қауіпті болатынын болжады.

Жалпы қай күндері ылғал көп болады, сол күндерге тиісті ведомство өкілдері аса мән беруі керек. Әсіресе Алматы, еліміздің оңтүстік аймақтары. Халыққа ескерту үшін тек қана кәсіби техникамен жұмыс істейтін мамандар жеткіліксіз. Мықты аналитиктер мен елімізде физика-химия бағытын жақсы меңгерген сарапшылардың көмегі керек, — деді ол.

Маман сөзінше, гравитация күндері басқа да апаттар болуы мүмкін…

Әлемде әуе апаттары да осы гравитация күндері болуы мүмкін. Ол дегеніміз ақпан, тамыз, қыркүйек, қазан айлары қауіпті болмақ, — деп атап өтті нумеролог.