Алаяқтықтың «әскери» үлгісі шықты

0
103

Әскери борышын өтеп жүрген сарбаздар атынан белгісіз біреулер әлеуметтік желіде парақша ашып, туған-туысқандарынан ақша талап етуде, деп хабарлайды BAQ.KZ. тілшісі.

Алаяқтардың бұл әрекетіне алданып, сан соғып қалған тұрғындарда жетерлік. Бірінші сарбаздың атынан парақша ашып, оған суреттерін салып, алыс-жақын туысқандарды достарының тізіміне қосатын көрінеді. Одан соң әрқайсысына жеке-жеке жазып, белгісіз нөмірге бірлік салуды өтінеді. Ал жақыным деп, қажет болып жатқан шығар деп бірлік салған адамдар алаяқтарға алданғанын әскердегі бауырымен аптасына 1 мәрте хабарласқануға мүмкіндік берілгенде бірақ біледі.

Ал әскери бөлім командирлері мұндай жағдайдың расымен көп болып жатқанын айтады. Сондай-ақ әскердегі жауынгерге мемлекет ай сайын 3500 теңге қаражат пен барлық керек-жарақпен қамтамасыз ететінін айтып, ешкімге ақша жібермеу қажеттілігін ескертеді.

Егер қазір жақыныңыз, туысыңыз не бауырыңыз әскери борышын өтеп жатқан болса, сізде осындай хабарлама алып, алаяқтардың арбауына түсіп қалмаңыз.

Фото ашық дереккөзден алынды.