Әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан үйлену тойының суретін жариялады

Еркін күрестен әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан Instagram парақшасында үйлену тойында әйелімен түскен суретін көрсетті.
Оның әйелі де той суреттерін желіге жүктеді. Жанкүйерлер жас жұбайды құттықтап, жылы лебізін жаудырды.
«Бақытты бол, бауырым», «Бар жақсылықты тілеймін», «Құтты болсын», – деп жазды желі қолданушылары.
Бұған дейін әлеуметтік желіде тойдың видеосы пайда болған еді.
Айта кетері, Ризабек Айтмұхан 2023 жылы Белградта өткен әлем чемпионатында 92 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алып, Қазақстанның еркін күрес тарихындағы тұңғыш әлем чемпионы атанды.