Әлихан Бөкейхановтың сөзін түрлендіріп, тәпсірлеудің керегі бар ма?

0
815

Facebook әлеуметтік желісінде Әлихан Бөкейхановтың сөзіне қатысты пікірталас жүріп жатыр деп жазады Democrat.kz.

Философ Досай Кенжетай өз парақшасында: «Ұлтқа қызмет ету- мінезден» емес…  Әлихан атамыз, «Ұлтқа қызмет ету- ардан» дегісі келген ау шамасы…

Себебі, Мінез-құлық деген мораль, ар болып енген түсінігімізге… Ар болмаса, бәрі далбаса!

Мінезді орысша “характер, поведение” деп аударсаңыз, айтпақшы болған ойымды ұғарсыз…Арлы адам ғана халыққа қызмет ете алады. “Халыққа қызмет- Хаққа қызмет” деген Иасауи атамыз. Ол үші адам арлы болса, жарайды… Сіз не дейсіз?» деп жазды.

Осы жазбаға орай пікірін білдіргендер «Мінез» деп орынды айтқан. Ананың сүтімен кіріп, сүйекпен кететін осы МІНЕЗ. Мінез болған жерде адамда ар да, намыс та, ұят та болады»,  «Әлихан ол сөзін түсінігі барлар үшін айтқан ғой.. Иісалмастар шайнап берсең де түсінбейді.. Сондықтан Әлекеңді тәпсірлеудің реті жоқ..», «Жай ма? Әлиханды тәпсірлеп әлек болудың қажеті қанша? Мінез деп айтты, бітті!», «Арлы адамның бәрінде мінез болмауы мүмкін. Әлихан атамыз не айтуды білетін адам болған ғой»,  «Ар- ауқымды, терең ұғым! Дұрысы Ар болар!»,»Ойыңыз дұрыс! Иманнан -деген де нұсқасы болған» деген пікірлер жазуда.

Сіз қалай ойлайсыз, Әлихан сынды ардақты азаматтарымыздың сөздерін өзімізше тәпсірлеп, аздап өзгертіп, шамалы дінге ойыстырып, кішкене мағынасын түрлендіруге бола ма?

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.