Алимент төлемей, құмар ойнаған

0
89

Түркістан прокуратурасы берешек қарызы жиналған 72 борышкердің құмар ойындарына жалпы 274 млн теңге салым салғанын анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Аталған факті бойынша облыс прокуратурасы құзырлы органға тиісті шара қолдану үшін ұсыныс енгізді.

«Статистикалық мәліметке сәйкес осы жылдың өткен мерзімінде облыс бойынша сот орындаушылардың өндірісінде алиментке қатысты 22 219 атқару құжаттары орындауда болып, нәтижесімен 2 376 аяқталып, 19 843 құжат орындалу сатысында», — деп хабарлады өңір прокуратурасы.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.