Алматы әуежайында жалған төлқұжатпен үш шетелдік азамат ұсталды

0
41

Алматы әуежайында жалған төлқұжатпен үш шетелдік ұсталды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) баспасөз қызметіне сілтеп.

«15-16 қаңтарда Алматы халықаралық әуежайында шекаралық бақылау кезінде жалған құжатпен келген Франция мен Грекиядан келген үш шетелдік ұсталды», — делінген хабарламада.

Құжаттардың жарамсыздығы арнайы техникамен тексерілді. Жалған төлқұжаттар тәркіленді. Екі тұлғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, бір шетел азаматы елден қуылды.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, жыл басынан бері Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттеріндегі шекарашылар жарамсыз және шетелдік төлқұжаттарды пайдаланудың 18 фактісін тоқтатқан.

 

Фото ашық дереккөзден алынды.