Алматыда Дженнифер Лопестың екінші концерті өтеді

US actress/singer Jennifer Lopez arrives for the Academy of Motion Picture Arts and Sciences' 15th Annual Governors Awards at the Ray Dolby Ballroom in Los Angeles on November 17, 2024. (Photo by VALERIE MACON / AFP) (Photo by VALERIE MACON/AFP via Getty Images)
Америкалық әнші Дженнифер Лопес Қазақстанда екінші концертін өткізеді. Ол 10 тамыз күні Алматыда өтеді.
Арнада “Астана концерт” компаниясының продюсері Малик Хасеновтің сұхбаты жарияланды. Сұхбат барысында Хасенов Дженнифер Лопестың Қазақстанда екінші қосымша концерт беруі мүмкін екенін айтты.
“Дженнифер Лопеспен екінші қосымша концерт өткізу туралы келіссөздер іс жүзінде соңғы сатысында тұр”, – деді Хасенов.
Ол екінші концертті өткізу идеясы билеттер бірінші Астана концертінде толық сатылып кетсе ғана қарастырылғанын атап өтті.
Алайда бүгін, сұхбат жарияланған соң, Динара Сәтжан мен Малик Хасенов Instagram-дағы бірлескен жазбасында концерттің міндетті түрде өтетінін хабарлады.