Алматыда ерекше Наурыз тойланып жатыр (ВИДЕО)

0
142

Биыл Алматы қаласы Наурыз мерекесін ерекше тойлап жатыр деп жазады Democrat.kz ақпараттық порталы. Қала көшелерінің безендірілуінің өзі қаны «қазақ» деп аққан, жүрегі «қазақ» деп соққан адамды селт еткізбей қоймайды. 

Бір ғана Көштің өзі бірнеше даңғылды жарып өтіп, тамашалаған жұртшылыққа ғажайып күш сыйлап, өз ұлтына деген құрметін асқақтатты. Мұнан бөлек алаңдарда түрлі ойын-сауық әс-шаралар мен әншілердің әуелеген дауысы көкке қалқып жатыр.

Сіздің жақта Наурыз қалай тойланып жатыр, ағайын?