Алматыда «Қара Домбыра» Республикалық саз аспап жасаушы шеберлер байқауы өтеді

0
17

2023 жылы Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдығы, Жетісу күй мектебінің негізін салушылардың бірі Қожеке Назарұлының 200 жылдығы атап өтілді. Осы мерекеге орайластыра өткізіп отырған шеберлер сайысына әр түрлі мектеп өкілдерінің 40 қа жуық домбырасы қатысады. Аспаптардың үні мен техникалық сапасына қарай бас жүлде,және бірнеше орындар қарастырылған.

Бұл шара қазақ шеберлерінің бірлігімен ұйымдастырылуда. Домбыра қазақ халқының халық бірлігінің символы бола тұра, әсіре діншілдерден “Домбыра харам”
оны тарту, ұстау күнә деп жариялап, сол идеяны жастарға сіңірмек болғаны барша қазаққа жайсыз көрініс болды. Бұдан былай дәл осы жобаны жыл сайын, Домбыра күніне қарай ұйымдастыру көзделуде.
2018 жылдан бері Ұлттық Домбыра күні бекітіліп, жыл сайын шілденің бірінші жексенбісі арнайы мереке болып атап өтіледі. Бұл мерекенің идеясы қазақ қоғамында мәдениет пен ұлттық мұраны сақтау қайта жаңғырту және дамыту төңірегінде таныстырылды.
Осы мерекелік іс шаралардан үнемі тыс қалатын шеберлер қауымы да бұдан былай арнайы «Қара Домбыра» жобасын шығарып, халыққа ұсынуда.
Білім мен өнер сайысы шеберлердің ары қарай да үздік нәтижеге талпынуына мотивация болады деп күтеміз.

Конкурс 25 желтоқсан 2023 жыл 13:00 де басталады
Қазақ саз аспап жасаушы шеберлер кеңесі

Алмас Мустафаев
+77477747747

Өтетін орын: БО Almaty Towers, Байзақов к/сі 280