Алматыға жүздеген ауғандар келе жатыр
Алматыда Ауғанстан және Қазақстан тараптарының бизнес форумы өтеді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сауда және интеграция министрлігінің ақпаратына сүйенсек, іс-шара 20-22 қазан аралығына жоспарланған.
Бизнес форумнан бөлек, іс-шара аясында ауған тауарларының көрмесі де ұйымдастырылады.
«Делегацияның Ауғанстаннан Қазақстанға сапары аясында ауқымды бизнес форум өтеді. Ауғанстан экономикасының түрлі салаларынан 250-ден аса кәсіпкер өз тауарлары мен қызметтерін ұсынады», – деп жазылған хабарламада.
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.