«Анамнан намыстанбаймын» деген Қайрат Нұртас жұртты сүйсінтті

0
805

Белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртас бір арманын орындағанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі отбасымен бірге тауға шығып, демалыстарының қалай өткенін көрсетті.

“3 мың 200 метр биіктікте тұрмыз. Балам бір арманыңызды орындайын деп, тауға алып шықты. Ел “Мамасы еріп алыпты деп шулап кетер, әкеңмен-ақ шыға беремін” десем, “Намыстанатын анам жоқ. Жүргеніңіз жүрген. Айтқан адам әрі қарай да айта берсін” деді, – деп жазды продюсер.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.