Әнші Алмас жаңалығымен бөлісіп, жұрттан қолдау күтетінін айтты

0
444

Қазақстан эстрадасындағы танымал әнші Алмас Кішкенбаев шығармашылық жолын жалғастырып, тыңдармандарына «Қымбат» атты жаңа әнін ұсынды. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 «Қымбаттылар! Жуырда жаңа әнім жарыққа шығады. Сіздердің әнге деген қолдауларыңызды күтемін», – деп жазды әнші Instagram парақшасында.

Кішкенбаевтың бұл туындысы – шығармашылығына қайта оралғанының белгісі. Жанкүйерлер жаңа әнге қызығып отыр.