Әнші Бүркіт өртеніп жатқан тойхананың видеосын жариялады

0
87

Видеодан тойхананың айналасын қара түтін басқанын көруге болады. Адамдар сыртқа шыққан.

 

«Шымкентке ұшып келіп, тойхана барсақ, тойханамыздан түтін шығып жатыр. Адамдар аман. Аллаһым амандығын берсін. Тұрақта көлік жанып кетті дей ме, сондай бір жағдай. Елдің бәрі далада жүр», — деп жазды әнші.

 

Желі қолданушылары той иесінің жағдайына алаңдаушылық білдіріп жатыр.

 

«Той иесіне сабыр берсін, әр нәрсенің қайыры бар деген», «Келген бәле сонымен кетсін, тойды жақсы өткізіп алыңыздар», «Той иесіне обал болды, қаншама күн дайындалғаны құр кетті», — деп жазды олар.