Әнші Гүлнар Сиқымбаева дүниеден өтті

0
3598

Танымал әнші Гүлнар Сиқымбаева дүниеден өтті деп хабарлайды Democrat.kz.

Бұл туралы белгілі журналист Оралхан Дәуіт өзінің парақшасында «Қайран, Гүлнәр әпке…

Бір ауылда туып-өссек те жүзбе-жүз сөйлесуді Алла Тағалам жазбаған екен. Телефон арқылы талай мәрте әңгімелесіп, сұхбат та алдым. Өте ашық жарқын, керемет жан едіңіз.

Өмірден ерте өткен анаңыз туралы жиі айтып, мұңайып қалушы едіңіз. Енді міне, аяқ астынан анаңыздың артынан аттанып кете барыпсыз…

Алла Тағалам о дүниеңізді берсін.
Ағайын, бүгін белгілі әнші, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі Гүлнар Сиқымбаева қайтыс болды.
Жаназасы ертең Түркістан облысы Төлеби ауданы Жамбыл ауылында өтеді»деп жазды.

Фото автордың парақшасынан алынды.