Әнші Мақпал кімге ренжіді?

0
193

Қазақстанның Халық әртісі Мақпал Жүнісова Қостанай қаласының мәдениет саласындағы басшыларға ренжулі екенін айтты. 
Бұл туралы Democrat.kz  ақпараттық порталы Caravan.kz медиа порталына сілтеме жасап хабарлайды.

«Ал, Қостанайдағы концертіміз керемет өтті. Халық күшті жиналды, қошемет керемет болды. Бірақ, Қостанайдың бір бастығы да, мәдениеті де келген жоқ. Бізге шәй да берген жоқ. Қостанайлықтар, сіздерге рақмет, бастықтарыңыз нашар. Орнынан алып тастаңыздар», — деді Мақпал Жүнісова.

Желі қолданушылары Қостанай халқының орыстанып, салт-дәстүрді ұмытқанын жазуда.

«Орыс болып кеткен бе Қостанай? Басшы, әкімдері нашар болған ғой», «Қостанайлықтар орыстанып кеткен, құрмет деген қайда», «Халықтың ерке қызына бір шәугім шәй қимаған ба», «Оңтүстікке жетпейді ғой, ол жақ орыс боп кеткен», — деп жазды олар.

Фото ашық дереккөзден алынды.