Әнші оңтүстікке қалай келін болғанын айтып берді (ВИДЕО)
ТикТок әлеуметтік желісінде әнші Меруерт Түсіпбаева кезінде өзінің оңтүстік өңірге қалай келін болғанын айтып берді деп жазады Democrat.kz.
«Шымкент түгілі, Сарыағашқа келін болғам. Сарыағашта 40 күн тұрғанмын. Ыстық Сарыағашта шілде уақытында тұрдым. Күйеуім «таңертең 6-да тұрып ауланы сыпырасың» дейтін. «Почему 6-да? Ұйқым қанған соң, тұрып сыпырсам, бола ма?» деймін ғой. Күйеуім: «Жоқ, болмайды. Көршілер сөз етеді, мамама айтады» деген соң таңғы 8-де оянып, аула сыпырдым»,-деген әнші бұрынғы күйеуі мен оның анасы туралы жылы лебізін білдірді.
Сонымен қатар ол: «Таңғы 8- де аула сыпыру үшін бет-аузымызды орап шығатынмын. Күйеуім су сеуіп тұратын. Мен сыпыратынмын. Таңғы 8-дің өзінде күн сұмдық ыстық болатын»,- дейді.
Фото интернеттен алынды.