Әнші Садраддин жеке өмірінен сыр шертті

Әнші Садраддин Болат жеке өмірі туралы сұраққа жауап беріп, қашан үйленетінін айтты.
Мамыр айында өнер иесі жеке шығармашылық кешін өткізген еді.
“Әзірге үйленген жоқпын. Жұмысымды істеп, бастаған мансабымды әрі қарай жалғастырамын. Адамымды кездестірсем, сіздерге айтамын. Әзірге жоқ. Бәрі Алланың қалауымен. Десе де, 30 жасқа дейін үйленсем деген ойым бар. Ғашық болып қалсам, ертерек үйленуім де мүмкін. Қазір нақты айта алмаймын. Уақыт көрсетеді”, – деді әнші.
Еске салайық, мәжілісмен Дәулет Мұқаев әнші Sadraddin-нің концертін сынаған еді.
“Біз Садраддиннің концертіне келдік. Екі баламды алып келдім. Бірақ концерт 19.00-де басталуы керек еді. Сағат 19.40 болды, әлі басталған жоқ. Бұл адамның психикасын бұзады. Менің ең жек көретін дүнием. Бір жерге бару үшін “Әзір басталмайды” деп біреудің уақытын ұрлап жүріп алады. Бұл дұрыс емес. Егер дәл уақытында басталса, халық та сол уақытта кешікпей келуге тырысады. Сағат 19.46-да басталды. 82 минутта аяқталды”, – деген еді мәжілісмен.