Әнуарбек Жексенғалиевқа сот үкімі шықты

0
45

Ұрланған қаражатты заңды айналымға тартқан Әнуарбек Жексенғалиевтің мүлкі тәркіленіп, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Stan.kzақпарат агенттігі хабарлайды.

Қаржы мониторингі агенттігі қылмыстық кіріс көлемі 4,3 млрд теңгені құрағанын хабарлады.

Параллельді қаржылық тергеу көмегімен қылмыстық активтерді жылыстатудың күрделі схемасы зерттелді.

Жексенғалиев мемлекеттік бюджеттен 1,1 млрд теңгені жымқырып, оны жалған құрылған кәсіпорындардың шоттарына аударудың күрделі схемасы арқылы заңдастырып алғаны анықталды.

Сонымен қатар, ол қаржыны шетел валютасына айырбастау бойынша қаржылық операцияларды жүзеге асырған.

Ол сондай-ақ ұрланған қаражатты жылыстату үшін жылжымайтын мүлікке қатысты ойдан шығарылған мәмілелер жасаған.

2019-2022 жылдар аралығында жеке меншіктен жер телімдерін сатып алу, оны құрылыс компанияларына беру және пайдалануға берілген пәтерлерден сыйақы алу арқылы қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырып отырған.

Мемлекет кірісіне тәркіленген Жексенғалиев мүлкінің сомасы 4,7 млрд теңгені құрады.

Әнуарбек Жексенғалиев 2022 жылдың маусым айында ұсталды.

 

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.