Апатты жағдайдағы мектепте сабақ өтуде

0
217

Алматы облысының әкімдігі Еңбекшіарал кентіндегі жарылған қабырғаларынан дала көрінетін мектептің жай-күйіне қатысты түсініктеме берді деп хабарлайды Democrat.kz. ақпараттық порталы KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

Апатты жағдайдағы мектеп ішінен түсірілген видео Instagram-дағы egovpress парақшасында жарияланды. «Алматы облысы Жамбыл ауданы Еңбекшіарал ауылының тұрғындары мектептің ауыр жағдайын біле тұра, әкімдіктің ғимараттың оқушылардың үстіне опырылып құлағанын неліктен күтіп отырғанын түсінбейді», — делінген видеоның астындағы жазбада.

Видеодан мектеп ғимаратының құлағалы тұрғанын көруге болады, қабырғаларда пайда болған жарықтан тіпті дала көрінеді. «Мынаны неге жасырып отырсыздар? Мынау масқара ғой, сұмдық қой. Балалар мына жерде қалай оқиды? Мына мектепті шұғыл түрде жабу керек қой», — дейді мектептің ішін видеоға түсіріп жүрген әйел адам.

Облыс әкімдігі жарықтар осы жылдың ақпанында болған жер сілкінісінен кейін пайда болғанын хабарлады. Облыстағы 8 мектеп пен бір колледжде қабырғаларда жарықтар пайда болып, іргетасы бүлінген. «Атап айтқанда, Жамбыл ауданындағы Еңбекшіарал орта мектебінде бүлінген фактілер анықталды.

Қазіргі уақытта барлық бүлінген білім беру нысанына техникалық қорытынды мен жобалық-сметалық құжаттар дайындалып жатыр, соның негізінде жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Фото ашық дереккөзден алынды.