“Араб тілі – әлемдік тіл” дейді уағызшы Нұрсұлтан (ВИДЕО)

0
408

ТикТок әлеуметтік желісінде тараған видеода танымал уағызшы Нұрсұлтан Рысмағамбетов араб тіліне қатысты пікірін айтты деп жазады Democrat.kz.

Тау бөктерінде бір топ кісімен серуендеп жүрген уағызшыға егде жастағы кісі: “Арабтың адамдарын айта бермей, Шәкәрім, Абай туралы уағыз айтуға болмай ма?” деген сауал қойды.

Неге екені белгісіз, бұл сұраққа қатысты уағызшы Нұрсұлтан “бұл да бір -ауру ғой, сізге бір емделіп алу керек екен, аға” деп барып: “Абайдың да, Шәкәрімнің де сөздері қарап отырсаңыз, сол айналып келгенде – тұнып тұрған ілім ғой”,- деп, “Абайдың өзі айтады ғой, “балаң білімді болсын десең – араб пен парсының тілін үйрет” деп. Қазір енді парсы тілі бітті ғой. Қазір балаға араб тілі мен арабшаны үйрету керек. Әлемдік тіл солар болып тұр ғой”, – дейді.

Араб тілі – әлемдік тілге қашан айналды? Сіздің хабарыңыз бар ма?

Дайындаған – Әлия БОЛАТҚЫЗЫ.

Фото видеодан скринделіп алынды.