“Арабқұл” сөзінің шығу тарихы мен кімге айтылатынын білесіз бе?

0
89

«Арабқұл» деп айтуды тоқтатыңдар!» депті Мәжіліс депутаты, алдағы шілде айында 64 жасқа толмақ Айгүл Құспан апаларың.

Таныстырайын, бұ кісі Мәжілісте «Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік» комитетінің төрайымы.

Жә, Айгүл Сайфолла қызы бес уақыт намаз оқитын, ҚР заңы мен рұқсат етілген ислам діні —ханафи масхабын ұстанатын, саляфи ағымын зерттеп көрмеген, бірақ, орта білім ошақтарына оқушылардың орамал—хиджаппен баруын қамтамасыз ететін концепцияны қолдайтын депутат.

Талғат Рысқұлбекті танитынын және ол азаматтың ұстанымын қолдайтынын Serik Joldasbai ға берген сұқбатында айтқан.

Жә, енді «Арабқұл» терминіне келейік.

«Арабқұл» — «Кяфир» ұғымына қарсы шығарылған термин!

  1. Ұлттық құндылықтарды мазақ қылғандарға;
  2. Қазақтың әдет- ғұрпын, салт-санасын менсінбегендерге;
  3. Төл тарихыңды емес, араб елі тарихын әспеттейтіндерге;
  4. Адамның адал тапқан ақшасын Араб елі экономикасына құйуға үгіттегендерге;
  5. Қатын бала-шағасы көз жасына қарамай, қос-қостан тоқал алуды қолдайтынға;
  6. Оны «заңдастарып» беріп отырған у-ағызшыға;
  7. Нақты ғылымды шариғат заңына таптатып, адамдарды «жарықтан» «қараңғыға» сүйрегенді;
  8. Араптың дінін мойындамағаны үшін ғана өз бауырын «кяфир» дегендерге басқа қандай атау лайық?
  9. Дін заңы зайырлы қоғам заңына қайшы болғасын— мойындамайтындарды;
  10. Құранда зайырлы мемлекет құрылымына қауіп төндіретін аяттардың барын оқып—танып алғасын қарсы болғандарды;
  11. Құран сүрелері —ғылым нәтижелеріне қайшы екенін қоғамға айтқандарды;
  12. Мемлекет тәуелсіздігін сақтап қалуды мақсат тұтқандарды кімдер «кяфир» дейді?

Уот, бұл сөзді «арабқұлдар» ғана айтады.

Төртуыл ШОҚАН, қоғам белсендісі.

Фото көрнекілік үшін.