Арабтың бай мұсылманы қалай өмір сүреді?

0
1228

Әлемді аузына ақшасымен қаратқан Араб елдерінің шейхтері туралы біз білмейтін нәрселер жоқ емес. Мұсылман елі саналатын бұл елдің бүкіл шейхтері шіріген байлар ғана емес, өмірлері де біз біле бермейтін сырларға толы.

Сондай бай-бағлан шейхтің бірі Дубай әмірі Мұхаммед ибн Рәшит Әл-Мактум жер планетасындағы триллондаған доллары бар байлардың бірі. Мұхаммедтің жұрт білетін 7 әйелі бар. Ал сол әйелдерінен туған 30-дан астам ұл-қызы бар екен.

Әу баста Мұхамед өзінің немере қарындасы Хинд Юма Әл Мактумға үйленеді. Бірінші ресми әйелі Хинд Юма Дубайдың бірінші ханымы саналады. Үйленген соң Хинд Юма да басқа мұсылман әйелі сияқты отбасы ошақ қасынан ұзамаған.

Тіпті ресми кездесулерде де Дубай әмірі Мұхаммед әйелін қасына ертпейді деп жазады интернеттегі ақпараттар. Хинд Юманың тіпті фотолары мен видеолары да жарыққа жиі шықпайды. Десек те, Хинд король әулетіндегі салмағы басым, маңызды әйел.

Ол Дубай әміріне 12 бала туып берген алтын құрсақты ана. Алайда әмір Мұхаммед бір әйелмен шектелген емес. Хиндтен кейін жұрт білетін 7 әйелмен некесін қиған. Некелескен әйелдерінің ішінде ливандық Ранда есімді қыз кәмелеттік жасына жетпеген жас қыз болыпты.

Ранданың есімі мұсылманша өзгертіліп, Хайфа аталған соң, ғажайып өмірі басталғанын айтады. 1977 жылы Хайфа қыз туған күннен бастап әмір екеуінің арасы бұзыла бастайды. Бүгінге дейін әмір мен оның екінші әйелінің арасы неден бұзылғаны, не себепті ажырасқаны туралы нақты дерек жоқ.

Құндақтағы бес айлық қызын анасынан айырған әмір Хайфаны Ливанға көшіріп жібереді. 40 жылдан астам уақыт өтсе де, Хайфа қызын сол күйі көрмеген. Өзіне және мұсылман салтына бағынбаған талай әйел Хайфаның жолын құшқан.

Ал Дубай әмірі өзіне ұнаған әйелдермен неке қиюын тоқтатпақ емес. Дубай әмірінің қатыгез, жауыз әрекеттерін басқа некеден туған қыздары Шамса мен Латифа әлемге әшкере еткен еді.

Мұхаммед қыздарын қыспақта ұстап, олардың білім алуына түбегейлі тыйым салған. Ал қашпақ болған қыздарын ұстап алып, түрмеде ас-сусыз қамап ұстаған деген дерек бар. 2004 жылы Дубай әмірі некесін қиған Иордания королі Абдалланың қарындасы Хайя 2019 жылы екі баласы мен жиған ақшасын алып, Лондонға қашып кетті.

БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында Хайя екі баласының келешегі үшін қорқатынын, әкесі балаларына өте қатал екенін айтқан-ды. Шейхтың айналасындағы әйелдердің басқа арабтардан айырмашылығы, олар қаласа, шаштарын жасырып, орамал тақпай, қалаған киімдерінде жүруіне рұқсат.

Сондай-ақ, король отбасынан шыққан қыздар тек өз әулетінің еркектеріне тұрмысқа шығады. Соңғы мәліметтерде Дубай шейхі Мұхаммедтің байлығы 20 миллиард доллардан асатыны айтылады. Алайда бұл миллиардтан бөлек, шейхтің әр баласы мен әйелінің жеке  есепшоттарында жатқан миллиардтар да аз емесі анық. Бір ғана Дубай ханымы Хинддің алқасы 1,5 миллион доллар тұрса, ал әмірдің жүздеген машинасы мен дүниенің ең бай елдеріндегі салтанатты сарайлары миллиардтаған долларды құрайтыны сөзсіз.

Ақпарат интернет иірімінен алынды.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.