«Әріп танымайтын бала «Жаратылыстануды» қалай оқиды?» дейді депутат (ВИДЕО)

0
1318

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев білім саласындағы, оның ішінде бастауыштағы өрескел қателікті ашып айтты деп жазады Democrat.kz.

«Балам 1 сыныпта оқиды. Ол әлі түгел 42 әріпті танып, оқып бітпеді. Алайда бірінші сынып бағдарламасында «Жаратылыстану» пәні бар. Әріпті толық танып, меңгермеген бала әлгіндей пәнді қалай оқиды? Сосын, осы «Жаратылыстану» пәнінде мысалы, «Жер мен айдың табиғатын салыстыр» деген тапсырма бар. Жер, ай, күн не екенін білмейтін балаға мұны қалай түсіндіруге болады? Ал планеталар оқулықтың соңғы жағында айтылады. Жүйе жоқ»,- деген депутат оқулықтағы түсініксіз, баланың қабылдауына ауыр келетін сөз, сөйлемдерді де айтып өтті.

Фото интернеттен алынды.