Әртістер мінген ұшақ Астанаға қона алмады

0
166

Қазақстандық әртістер мінген ұшақ ауа райының қолайсыздығынан Астанаға үш рет қона алмады.

Jah Khalib деген атпен танымал рэпер Бақтияр Мамедов Instagram желісінде жағдайды хабарлады .

1 маусымда әнші Павлодардағы Ertis Promenade сахнасында жазғы маусымның ашылуында өнер көрсетуі тиіс еді. Шоу бағдарламасында ол кештің хедлайнері ретінде ұсынылған болатын.

 

«Өкінішке орай, бүгін, 1 маусымда мен сіздермен кездесе алмаймын, өйткені Астанаға ұшатын ұшағымыз ауа райының қолайсыздығынан үш рет қона алмай қалды, олар бізді Қарағандыға қайтарса жақсы болар еді, ол жақтан көлікпен жетер едік, бірақ бізді Алматы қаласына қайтарып жіберді», – деді әнші Instagram парақшасында павлодарлықтарға.

 

Air Astana сайтының хабарлауынша, 31 мамырда Алматыдан Астанаға екі рейс тоқтатылды. Әуе компаниясының баспасөз қызметінің мәліметінше, бұған Астанадағы ауа райының қолайсыздығы себеп болған. Кешкі уақытта Астанаға ұшқан тағы бір рейс найзағай мен желдің ауысуына байланысты Алматы әуежайына оралды.

Ал, Jah Khalib павлодарлықтардан кешірім сұрап, 19 шілдеде қала күні келетініне уәде берді.