«Әртістердің 70 пайызы ішеді, шөп шегеді» дейді продюсер Жан Мұқанов

0
1404

ТикТок әлеуметтік желісіндегі bez-mishury парақшасында продюсер Жан Мұқанов әнші Төреғали туралы біраз шындықты айтты деп жазады Democrat.kz.

Сұхбатта продюсер Жан Мұқанов қазіргі әртістердің басым бөлігі, кем дегенде, 70 пайызының алкоголь ғана емес, анаша қолданатынын айтады.

«Кейбірі шөп шегеді, енді біразы наркотик қолданады. Меніңше әртістер мұны шабыттану үшін қолданады. Мен Төреғалимен жұмыс істегенде, оның кәдімгі «нянясы» болдым.  Мен онымен 3 жыл жұмыс істедім.

Оның бастапқы гонорары 300-500 доллардан басталып, кейін 8-10 мың долларға дейін көтерілді. Біз Төреғалимен бір концерттің кесірінен айырылдық. 46 млн теңге жұмсалған сол концертте Төреғалиға «осынша шығын кетті, сен 10-12 ән айтуың керек» дедім.

Ол сол кезде шаршаңқы ма, әйтеуір бір түсініксіз халде, мас па, басқа ма, әйтеуір сондай күйде маған «Жан — ол сенің проблемаң» деді», — деген продюсер өзіне құрмет көрсетпеген кісімен байланысын үзетінін айтты.

Фото видеодан скринделіп алынды.