«Аруақтар оянды!» деген Жанат Бақыт ескерту жасады (ВИДЕО)

Бұрынғы журналист, қазіргі медиум Жанат Бақыт тағы бір жаңалығымен елді елең еткізді деп жазады Democrat.kz.
Өзінің ТикТок парақшасында Жанат Бақыт «аруақтар оянды!» деп:
«Қазақ үшін аруақ киелі ұғым. Қазақта «құдай атқан оңалады, аруақ атқан оңалмайды» деген сөз бар. Аруақ — құдай мен адам арасындағы байланыс орнатушы. Адам өз ата тегінен ажырап өмр сүре алмайды. Сол себепті адам өзін тануға тиіс. Қазір аруақтар оянып жатқан уақыт. Аруақтар бізге күш-қуат береді, біздің кармамыз. Біз рухани оянып, кемелденсек қана, ата-баба рухына пайдасын тигізеді», — деген Жанат Бақыт рухани оянбасақ, тегіңізге кесіріңізді тигізесіз деп ескертті.
Фото интернеттен.