Асхат Садырбайдың экс-әйелі мәлімдеме жасады

Танымал журналист Асхат Садырбайдың бұрынғы әйелі Айғаным Болатқызы отбасылық мәселелеріне байланысты даулы істің әзірге тоқтамағанын айтып, жазба жариялады деп хабарлайды Democrat.kz.
“Асхат Садырбайдың постына жауап беруіме тура келіп отыр. Ақиқат жеңді деп жазып қойыпты. Алайда сот процесінің маған түсініксіз тұстары көп болды.
Себебі :
менің дәлелдерімді негізге алмады
сот отырысы болу керек күні болмады.
Ашық сот отырысына тыйым салды.
Асхаттыкі шындық болса, неге ашық сот отырысынан қашады?
Кекетіп жазған әрбір сөздеріне ұлымның әкесі заң алдында жауап беретін болады. Мен әрбір айтқан сөздерімді кері алмаймын!
Апелляциялық шағым арызымды тастауға дайындалып жатырмын. Маған соңғы 3 айда 45000 көлемінде алимент төлеп, 1,5 млн сот шығынын өндіріп алғысы келгені қай сасқаны?!
Қазіргі таңда алимент мәселесі Шымкент қалалық прокуратурасының назарында.
Менің үндемей отырғаным – заңды шешімдерді күтіп отырғаным.
Бұрынғы әйелдері де тура Асхатқа осылай мінездеме берген. Шындықтың туы ешқашан құламайды! Позициямыз қаз қалпында. Мен ешқашан құрбан рөлін сомдаған емеспін.
Әрбір сөзімді дәлелмен шегеледім. Менің сот отырысында айтпаған сөздерімді айтты қылып, пост шығару ол заң бұзушылық.
Сот отырысына камера әкелсем, менің сөзімнің ақиқат болғаны. Асхат Садырбай секілді шоу бағдарлама жүргізбеймін.
Құрметті оқырман, алдағы уақытта апелляциялық арыздың шешімін жариялайтын боламын!” деп жазды Айғаным Болатқызы.
Фото интернеттен.