Астанада ұшақтарды қабылдау және ұшу тоқтатылады

0
236

Астана әуежайы осындай хабарлама таратты.Себебі әуежайдың ұшу-қону жолағына күрделі жөндеу жүргізіледі. Сол үшін халықаралық әуежайда орындалатын рейстерге өзгерістер енгізілгелі отыр деп хабарлайды Democrat.kz ақпараттық порталы ресми хабарламаға сілтеме жасап.  

Жөндеу жұмыстары 1 мамырда басталады. Жөндеу аяқталғанша жергілікті уақытпен сағат 22:00-ден 6:00-ге дейін елорда әуежайының әуеайлағында ұшақтарды қабылдау және ұшу тоқтатылады — деп жазылған ресми хабарламада.

Сондықтан, сапарларыңызды алдын ала жоспарлап қойыңыздар.

Қажет болған жағдайда әуекомпаниялардың анықтама қызметтерін, олардың мобильді қосымшалары мен әуежай қызметтерін, сол секілді әуекомпаниялардың хабарламаларын жіті бақылап, ресми ақпарат көздерін пайдаланған дұрыс.

@qarzhylyq_sauat әуежайдың анықтама қызметі деректерін ұсынады:

Телефоны: +7 (7172) 702 999;

Астана қаласы тұрғындары үшін қысқа нөмір: 1333 (стационарлық телефоннан).

Фото ашық дереккөзден алынды.