Асырап алған балаларын күштеп жұмысқа салған

0
97

Бала құқықтарын қорғаушы өкіл Динара Закиева Ұлытау облысындағы бір отбасы асырап алған үш баласын күшпен жұмысқа салған деп мәлімдеді. Бұл туралы Democrat.kz ақпараттық порталы Orda.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бала құқықтарын қорғау өкілі Динара Закиева асырап алынған үш баланың жылдар бойы фермада мәжбүрлі түрде жұмыс істегенін айтады.

«Ақпан айының басында облыстық прокуратура мен ҚІІД мобильді бригадасының тексеру жұмыстары барысында бір қыз, екі ұлдың фермада кұштеп жұмысқа жегілгенін анықтаған.

Бұл балаларды 2018 жылы «бала етеміз» деп балалар үйінен асырап алған. Алайда үш баланы қаладан 20 км жердегі фермада күштеп жұмысқа салған. Фермада екі жылқы, 18 сиыр бар»,-дейді Д.Закиева.

Балалар өте нашар жағдайда жұмысқа жегілген. Үш баланың ішіндегі қыз колледжді бітіргеніне қарамастан ресми жұмысқа орналаспаған. Екі бауырыңды көрмейсің деген қорқытумен қызды ауыр жұмысқа салған. Ал екі ұл бала мектепке де бармай, мал бағумен жүрген.

Бұл жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қазіргі кезде балалар облыс әкімінің тікелей бақылауында.

Фото ашық дереккөзден алынды.