«Ата-аналар комитеті — ең бір сүйкімсіз орган» дейді Аятжан Ахметжан

0
335

ТикТок әлеуметтік желісіндегі парақшасында QazBilim мектептерінің басшысы, білікті ұстаз Аятжан Ахметжан өзі басқарып отырған білім ошақтарында ата-аналар комитетіне қатысты сұхбатын жариялады деп жазады Democrat.kz.

«Біздің мектептерде ата-аналар комитеті жоқ. Ата-аналар комитеті дегеннің өзі бір сүйкімсіз орган. Бұл комитетке пысық, үйде отырған ата-аналар кіріп алады. Олар ақша жинаумен айналысады. Ата-аналар комитеті неге жоқ дегендер болды. Керегі бар ма? Сұрақ болса, бүкіл әлеуметтік желіде отырмын, телефон нөмірім тұр. Бүкіл мектеп басшыларына «ата-ана таңғы 8-ден кешкі 19-00-ге дейін келсе, кез келген уақытта қабылда» деп тапсырып қойғанмын. Кез келген мәселені тікелей мектеп әкімшілігімен ата-ана өзара шешкені дұрыс», — дейді Аятжан Ахметжан.

Айтса, айтқандай-ақ. Ата-аналар комитеті деген ұйымның қазір керегі бар ма? Интернет бар, әлеуметтік желіде онсызда топ құрып алатын оқушының ата-аналарына мектеп ішінен комитет құру не үшін керек?

Фото интернеттен алынды.