“Ата-аналардың түсінігін өзгерттім” дейді мектеп директоры

0
2061

Тиктокер мектеп директоры Ақмоншақ Нұртаза ата-аналардың мектепке қатысты көзқарасын қалай өзгерткені туралы айтып берді деп жазады Democrat.kz.

“Жұмысқа келгенімде, “ата-аналар чаты” деген болды. 800-ден астам ата-ана отыратын ортақ чат екен. Таңғалдым. 800-і 800 жақтан жазғанда… Нақты бір проблеманы ғана сөз етпейді ғой.

“Мектептің автобусы кешігіп жатыр” деп біреуі жазса, артынан әрбірі “бес тиынын қыстырып”… Әрбір ата-ананың проблемасын тыңдау да оңай емес.

Амал жоқ, барлығының мәселесін тыңдауға, кемшілікті түзетуге бар күшті салуға тура келді. Ата-ананың мектепке деген көзқарасын өзгерту қажет болды. Содан жаңа жылда мектептің бүкіл ата-анасына арнап банкет жасадық.

Мыңдаған кісі анталап маған қарап тұрғанда, қорықтым да. Әйтсе де, сол банкетте ата-аналардан тек алғыс алдым”, – дейді Ақмоншақ Нұртаза.

Фото интернеттен.

@aqmonshaq_nurtaza

Төбелес басталады ма деп ойладым 😱 #директоршколы #мектеп

♬ оригинальный звук – aqmonshaq_nurtaza