Ата-анасының алдында тізерлеп мінәжат еткен жұбайлар сынға қалды (ВИДЕО)

0
196

ТикТок әлеуметтік желісінде тараған жас жұбайлардың әрекеті жұрттың сынына ұшырады деп жазады Democrat.kz.

Видеода байқағанымыздай, қазақ қызы мен өзге ұлт өкілінің жігіті үйленген. Айдана есімді қалыңдық пен Вадим есімді күйеужігіт тізерлеп отырып, үлкендерге мәніжат етіп, маңдайларын жерге тигізеді.

Бұл видеоға қатысты «кәріс жігіт сияқты. Кәрістерде ата-анаға осылай алғыс айтады», «енді жетпегені кәрістің салт-дәстүрін бізге тықпалау еді», «адам тек аллаға ғана мінәжат етуі керек», «бұл дұрыс емес» деген сыңайда пікір жазуда.

Фото видеодан скринделіп алынды.