Ата-енесін жамандайтын әйелдің аузын жаппақ

0
161

Қырғыз Республикасының министрлер кабинетінің басшысы Ақылбек Жапаров әлеуметтік желілерде әйелдердің өз ата-енесін жамандайтын видео-жазбаларына мониторинг жасауды тапсырды деп хабарлайды Democrat.kz ақпараттық порталы @kazakh_inform-ға сілтеме жасап.

Әйелдер күйеуінен ажырасып кеткен соң, интернеттегі түрлі әлеуметтік желілерде бұрынғы ата-енесін жамандап видео-жазба салуы Қырғыз үкіметінің басшысының ашуына тиген сыңайлы. “Біз өз салт-дәстүрімізге сай келмейтін дүниелердің әлеуметтік желілерде жариялануына шектеу қоюымыз керек. Кейбір келіндер өз әкесін мақтап, ал қайынатасын даттап әлеуметтік желілерде видео-жазба жариялап жүр. Ондайлар үлгі болмауы керек”, — деп бұл мәселемен айналысуды орынбасары Әділ Байсаловқа тапсырды.

Фото ашық дереккөзден алынды.