Аталар қарттар үйінен орын іздеп жүр

0
305

Кеше құдамның үйі шекеге шақырды. Адам көп болды. Ауылының үлкендерін түгел шақырыпты. Ауыл қарттарының бәрі келіпті. Аталардың жартысынан көбінің кемпірлері түйе бағатын ауылға кеткен. Сол кемпірлері жоқ аталардың сөздерін естіп шошынып келдім. Көбі қарттар үйінен орын іздеп жүр екен.

-Ұлым вахтаға кеткенде күнім қараң, дейді арбада отырған ата. Келін мен саған міндетті емеспін дейді. Уақытында тамақ жеуім былай тұрсын, адамның көмегінсіз далаға шыға алмай, тәулік бойы отырамын қиналып дейді. Балам бір ай жұмыс жасайды, үйге келгенде қуанғанымнан жылаймын.

Менің бір ай бойы қараусыз түрімді көріп, әйеліне сөйлейді, неге әкемді қарамағансың деп. Сонда келіннің айтатыны, шариғат бойынша мен сенің әке-шешеңді бағып, қызмет жасауға міндетті емеспін дейді. Ұлым дым дей алмай қалады. Отбасы құндылығының жоюлуына, шаңырақтың шайқалуына көөп үлесті молда-имамдар қосып жатыр.

Әйтпесе, әке-шешең жынды болса, байлап бақ дейтін қазақ едік қой. Кейде мойныма қыл арқанды салып, кемпіріме кетіп қалғым келеді. Жан тәтті екен шіркін. Ұлымның отбасынын ойраны шығуына жол бермейін деп, қарттар үйінен орын іздеп жатырмын деді. Дастархан басындағы 4-5 ата да, бізге де сол жақтан орын керек еді деп күмбірлеп қойды.

Болашағымнан қатты қорқып кеттім. Имамдар расымен қазақты құрдымға жіберіп, қарттар өз өзіне қол салу үшін, болмаса өмірлерінің соңғы күндерін қарттар үйінде өткізу үшін жұмыс жасап жатыр ма? Әйтпесе неге қарттар оларға қарғыс айтуда? Келін ешкімге міндетті емес дейді, мүмкін солай шығар. Бірақ, Қазақ “адамгершіліктің академиясын” оқымай-ақ қанына дарыған халық едік қой.

Қазақ қайда барасың?

Индира Қырымғалиқызының

Facebook  парақшасынан.

 

Фото ашық дереккөзден алынды.