Аталарымыз мұсылман емес, мүшірік болғаны ғой?

0
1323

Қазіргі, мешітке жұма сайын ағылып барып жүрген қазақтар, «аталарымыз мұсылман болған, ата жолындамыз» – дейді. Ақиқатын да олар, аталарымыз мұсылман ба еді?

Жоқ, олар мұсылман болмады. Олар, Ислам діні шарты бойынша МҮШІРІК болды!

Әруағын сыйлайтын, өзінің салт-дәстүрі, ғұрып-әдеті бар, наным-сенімі бар ертедегі қазақ аталарымыз ТӘҢІРін ұмытып, өздерін қалайша мұсылманбыз деп есептеді?

Ислам уағызшылары қазақтарға, мұсылмандықты қабылдаң дегенде, аталарымыз қазақтар, өзіміздің наным-сенімімізді, салт-дістүрімізді, ғұрып-әдетімізді тастамаймыз деп қарсы болған.

Қазақтың айтқанынан қайтпайтынын түсінген сол кездегі Исламшылар қазақтарға: «Алладан басқа ТӘҢІР жоқ, сендердің ТӘҢІР деп жүргендерің осы біздің Алла, салт-дәстүріңді, ғұрып-әдеттеріңді тастамай ақ, мұсылман болуға шариғат рұқсат береді, намаз оқың, ораза ұстаң, зекет төлең, Меккеге барып хаж жасаң, міне сол мұсылмандық» -деп үйреткен.

Ал, қазіргі Исламшылар қалай уағыздап жатыр?

«Салт-дәстүрлерің, ғұрып-әдеттерің, әруаққа сыйынғандарың, өлгендеріңді 3 күн қондырып ас беріп жерлеп, олардың 7,40, жылын белгілеп ас бергендерің Ислам үшін ХАРАМ, оларың мұсылмандық емес» – деп уағыз айтуда.

Қараңыз, қазіргі Исламшылар ертедегі қазақ аталарың МҮШІРІК еді, олардың жолын ұстанбаңдар, қазақтың салт-дәстүрін, ғрып-әетін тастаңдар, арабтың, Мұхаммедтің ғұрып-әдетін ұстаныңдар деп отыр ғой!

Сендер, Мұхамметтің ұрпағысыңдар, Айша аналарың деп уағыздап жатыр ғой!

Есінен айырылған, уланған қазақтар, атам мұсылман еді деп, осы уағызға уйып қазақ атынан жиеркеніп жүр.

Қараңыз, ертедегі аталарымыз мұсылман болдыма?

Егер де олар мұсылман болған болса, онда қазіргі болып жатқан тартыс неден шығып жатыр?

ҚАЗАҚТЫ ИСЛАМҒА КІРГІЗУ ЕНДІ БАСТЫЛДЫ!

ЕРТЕДЕГІ АТАЛАРЫМЫЗ МҰСЫЛМАН БОЛМАҒАН ЕКЕН, МҮШІРІК БОЛҒАН ЕКЕН!

ҚАЗІРГІ ИСЛАМШЫЛАР СОҒАН ТҮЗЕТУ ЕҢГІЗУДЕ.

ТАРТЫСУ, ҚАЗАҚТЫҢ ЕКІГЕ БӨЛІНУ СЕБЕБІ ОСЫ!

Қазіргі уақытта осындай, «иншаллах», «машаллах»», «алһамдулиллах», «баракатуллах», «яркамукаллах», «уа баракати» деп жүрген, 5 уақыт араб тілінде намаз оқып, ораза устап, Меккеге хажға барып, Мұхаммедті пайғамбарым деп, Айшаны анамыз деп, Қазақ атасының салт-дәстүр, ғұрып-әдеттерінен жиеркеніп арабтың салт-дәстүр ғұрып-әдеттерін қабылдаған қазақты кім деуге болады?

Оны қазақ деуге боладыма немесе араб дейміз бе, әлде шіріген жұмыртқа, сатқын дейміз бе?

Қазақтың салт-дәстүрімен ғұрып-әдеттері – Тәңірінің қағыйдасы, заңы, оның тарихы емеспе?

Түсінген адамға, « Тарихын ұмытқан ел, есін жоғалтқан адаммен тең!».

Тіліміз орысша, дініміз арабша, салт – дәстүріміз қазақша, сонда біз қандай елміз?

Тарихсыз, дінсіз, тілсіз ұлт болмаған. Аталарымыз « оян қазақ!!!» деп зарлап еді, оянғандаймыз, бірақ әлі ұйқымыз ашылмаған секілді.

Менің, « ұйқыңды аш, есіңді жыйна, ойлан қазақ!!!» дегім келеді.

Төреқұл ДӘУЛЕТОВ, қоғам белсендісі.