Атырауда ауыл тұрғындары эвакуациялануда

0
184

Құтқарушылар Махамбет ауданының тұрғындарына көмек көрсетуде, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Талдыкөл ауылындағы тұрғындар ерікті түрде көшіріліп жатыр. Тұрғындарды эвакуациялауға 25 орындық 4 автобус, 12 орны бар 2 ГАЗель автокөлігі мен 30 қызметкер тартылған.

Махамбет ауданының Талдыкөл ауылынан тұрғындарды Атырау қаласына эвакуациялау жұмыстары жалғасуда.

Талдыкөл ауылынан 129 тұрғын, оның ішінде 102 бала эвакуацияланды. 138 адам, оның ішінде 62 бала өздігінен эвакуацияланып, туыстарына орналасты. Эвакуация жұмыстары жалғасуда. Қазіргі уақытта елді мекеннің тұрғын үйлерін су басқан жоқ.

Фото ашық дереккөзден алынды.