Атыраудағы «ажал торыған» жолдың құрылысы бітті
Атырау облысында үлкен оқиға орын алды: аймақ тұрғындары Атырау – Астрахань күре жолының ауқымды құрылысының аяқталғаны туралы хабар алды деп жазады Democrat.kz. тілшісі Democracy.kz.-ке сілтеме жасап.
Халық арасында бұл жол «ажал жолы» деген атаумен танымал.
Атырау – Астрахань автожолымен күн сайын 6,5 мың көлік жүреді, бұл жол халықаралық маңызға ие.
Өз тарихында бұл жол көптеген адамның өмірін жалмаған. Мәселен, құрылысы жүріп жатқан 2022 жылы осы трассада 373 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 94 адам қаза тапқан. Ал 2023 жылы 344 оқиға тіркеліп, 97 адам өмірімен қоштасқан. Бұл жолда өмір ббойына мүгедек болып қалғандардың саны да жүздеп саналады.
Көбінесе ауыр апаттар көліктердің қарсы бағытта соқтығысуынан болған. Себебі, жолдағы шұңқырлар мен ойықтарды айналып өту үшін жүргізушілер қарсы бағытқа шығуға мәжбүр болған.
Егер Google-ғе «Атырау-Астрахань трассасындағы апат» деп іздеу салсаңыз, жылдар бойы БАҚ-та жарияланған көптеген қираған көліктердің суреттерін және сол оқиғалардың қайғылы сипаттамаларын көре аласыз.
Атырау облысы полиция департаментінің мәліметінше, 2024 жылы осы жолда 34 жол апаты тіркелген. «Астрахань жолының» құрылысы аяқталғанша, тағы 13 адам қайтыс болып, 54 адам түрлі жарақат алған.
Бұл көптен күткен жобаны жүзеге асыруға жергілікті және Италия, Түркия, Әзірбайжан елдерінен келген шетелдік компаниялар қатысқан.
Атырау – Астрахань жолының 272 шақырымының жалпы құны 87,4 млрд теңгені құрады.
Бұл жол құрлысы алты жыл бойы салынды.
Фото интернеттен алынды.