Ауызашарды мешітте бермей, сауапты басқалай жинайық

Төмендегі видеоға қарасаң; мына жігіт халықты жынды қылу үшін бе, жоқ әлде бір өзі ауыз ашпақ болды ма білмеймін, ауыз ашуға жеке өзіне қалаған тамағын алып, соңынан жалпы (общий) дастархан ( стол) басына барып отырды.
Мен 20-30 адамға ауызашар беріп жатырмын демеді, өзінің алған тамағына 900 000 теңге есеп (счёт) төледі.
Бұл жерде кім ақылды,кім ақымақ, өзім де түсінбедім?
900 000 теңгеге ауыз ашқан соң, жіберген газдың өзінен французский ароматтың иісі шығатын шығар, жоқ әлде кішкентай құтыдағы сатылатын мұсылманский иістер шығар ма екен?
Өмірде мен түсінбейтін жайттар көп болып кетті.
Кеше ауылдағы ағайын інім 300 000 теңге мешітке апарып беріп, ауызашар жасатыпты. Қазір ақшасын берсең, тойхана сияқты мешіттің дайын ауызашарына барады екенсің ғой.
Айырмашылығы “причёска жасатып”, костюм-шалбар киіп, тамада жалдамайсың.
Әлгі танысымның жасы қырықтан асса да басында баспанасы жоқ.
Жаман бір бөлмелі сарайды жалға алып тұрады өзі, бірақ, өте ақкөңіл.
Өзінің істегені қара жұмыс ( арасында “левыйы” бар), келін азық-түлік дүкенін жалға алып істетіп жүргеніне енді 1-2 жыл болды. Інімді көрсем:
-Неңе жетісіп ауызашар беріп жүрсің, ел-жұртқа жыртылмай 5-6 ағайынның басын қосып, сол кісілердің ауызын ашып берсең болмайды ма ?- деп, жанын шығарайын деп едім, көрмедім.
Ал сол мешіттің ауызашарына келетін жамағаттың көпшілігі жастар, көбі мектеп оқушылары. Олар үлкендерден бұрын дастархан басына жайғасып алады келіп, оларға есептеп дастархан жасалмаған соң, үлкен кісілер келгенде, не үлкенді отырғызатын орын таппай, не балдарды отырған орнынан тұрғыза алмай жүргенің сол.
Ал қазіргі жас балдарға ” тек” деп айтатын, ата мен әкесінің өзі сол дастархан басында отыр. Қазіргі балдарда тәрбие жоқ дейтін себептің бірі де осы.
Ал негізі ауызашарды жағдайы жоқтарға, мүсәпір мен мүмінге беру керек. Қазір ондай адам бар ма? Ал соны мешіт имамдары неге айтпайды?
Себебі: олардың “иметь ететін долялары” бар. Өздеріне де тамуы керек. Ал ақымақ қазақ, сол ақымақ күйінде ит пен құсқа жем болып жүр.
Әр үлкен қалаларда Ұлттық Ұланның сарбаздары бар, біздің кезімізде ОМОН дейтінбіз. Міне, сол жас жігіттер қаланың көшелерінің әр бұрышында үш-үшеуден сүмірейіп тұрады.
Кешке жақын офицерлері қой сияқты санап түсіріп, күн батқанда көлікке тиеп алып кетіп жатады. Ал сол жігіттердің басын тік көтеріп, денесін тік ұстап тұрғанын көрген біреуің бар ма?
Көрсең ұяласың, бір аяғымен тіреп, екінші аяғын тебетін есектер сияқты бүгіп алып,екі иықтары салбырап түсіп кеткен, бастарын төмен бұғып, қашан көрсең сүмірейіп тұрған жас жігіттерді көресің.
Ал олардың ойы, тезірек казармаға жетіп, кешкі ботқасын жеп ертерек тынығу.
Ал сол ұландарға сусынымен бір хот дог, болмаса гамбургер таратып шықсаң, болмаса бір үзік нанымен бірге бір рет қолданылатын қорапқа палау салып таратып кетсең, не деген сауап жинайсың?!
Бұны сендерге атеист айтып отыр.
Сауап жинаудың да жолдары бар. Барып қарны тоқтарды 300.000 нан бастап 900.000-ға дейін тойдыра бермей, кішкене арт жақтағы жұртқа, елге де қарау керек қой.
Мені тыңдасаңдар, мешкей имамдарға емес, өз жүректеріңдегі имандарыңа сеніп, өз жүрек қалауларыңмен жұмыс жасаңдар, менің ғана аңқау қазағым!
Байкал САИМОВ, қоғам белсендісі.
Facebook жазбасы.
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.
@aidosstan Келесі де қай жерге ауызашарға барайық?🤔