Азаматтық алу үшін мемлекеттік тілден кім тест тапсырмайды?

0
43

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек енді Қазақстан азаматтығын алғысы келетіндер мемлекеттік тілден емтихан тапсыруға міндетті екенін, алайда емтиханнан босатылғандар да барын айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«Тест 3 бөліктен тұрады. Біріншісі, қазақ тілін білу. Екіншісі, Конституция негіздері. Үшіншісі, Қазақстан тарихының негіздері. Тестіні Қазақстан азаматтығын алғысы келетіндер тапсыруға міндетті.

Алайда талаптан босатылғандар да бар. Мысалы, президент бекіткен тізім бойынша, жөспірімдер мен мүмкіндігі шектеулі адамдар», — деді Саясат Нұрбек Үкіметтің баспасөз орталығында.

Сондай-ақ министрге «Қазақстан азаматтығын алғанда мемлекеттік тілді білу деңгейі қалай анықталады?» деген сұрақ қойылды.

«Бұл сұраққа филологтар жауап береді. Қазір біз арнайы жұмыс тобын құрдық. Бұған министрліктің ресурсы жетеді. Мысалы, бізде «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы бар. Біз бұл сынақтарды құрастырып, оның қалай жұмыс істейтінін көрсетеміз. Жұмыс енді басталды.

Жақында ғана заңға қол қойылды. Заң күшіне енгеннен кейін бізде тек бір ай бар. Қазір жұмысты жедел жүргізіп жатырмыз», — ведомство басшысы.

Фото интернеттен алынды.