«Азаттық» журналистері қудаланып, сайт жабылмақ

0
191

Әлеуметтік желіде «Азаттық» журналистері қудалануда! «Азаттық Радиосы» азаттығынан айырылып жатыр” деген хабар тарады деп жазады Democrat.kz.

1Бір таң қалдыратыны, оларға халық емес, құқық қорғау органдары емес, өз басшылығы қысым көрсетіп отыр. Жақын арада Азаттық редакциясының орыс бөлімінің таратылып жіберетіні сенімді дереккөздерден белгілі болды.

Алаңдап, өздерің қоярға жер таппай жүрген журналистеріне қарап, жергілікті басшы Қасым Аманжол бастаманы өз қолына алып, қол астындағы жұмысшыларына көмектесуді жөн көрді.

Бірақ ұйымның президенті Стивен Капус Қасым Аманжолдың тарату туралы шешімімен келіспейтіндіктерін білдірген хатын теріс қабылдады. Стивен Капус Аманжолдың әрекетін сатқындық деп санап, дереу ішкі тексеруді тапсырды.

Әрине, мұндай реакциядан қорыққан Аманжол кешірім сұрауға асықты. Тексеру жұмысшылардың ешқайсысына жақсылық әкелмейтіні анық еді. Өйткені, тексеріс жұмыстан шығарудың көптеген себептерін тауып бере алатын еді. Осылайша, БАҚ өкілдері кәсіби міндеттерін адал атқарғаны үшін өз басшыларының қорқытуына ұшырайды.

Бұл оқиға журналистер үшін оң шешімін табады деп сенеміз. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі осы мәселені жылдам түрде шешіп, журналисттерге «азаттықтарын» қайтарып берсе екен» деп жазылған QAZAQ News хабарламасында.

Фото интернеттен алынды.