Ажырасудың басты себептері қандай?

0
239

2024 жылғы 4 наурызда жаңартылған Petrelli Previtera мәліметі бойынша, Қазақстан ажырасу көрсеткіші бойынша әлемде Мальдив аралдарынан кейінгі екінші орында тұр. Сарапшылар біздегі ажырасуға қандай себептер барын да айтып өтті деп жазады Democrat.kz ақпараттық порталы.

Сарапшылар еліміздегі ажырасудың негізгі себебі деп туыстарының араға түсуін (61%), моральдық шектеулердің болмауын (41%), ажырасу процесінің жеңіл болуын (25%) атап өтті. Сондай-ақ қазіргі замандағы қазақстандық әйелдер мен ерлерге сәйкес келмейтін қатал гендерлік рөлдердің сақталуы және некеге деген көзқарастың өзгеруі де проблемалардың қатарында.
Ажырасу көрсеткіші жоғары болғанымен қазақстандықтар неке институтын әлі де жоғары бағалайды. Зерттеулер жастардың 82,5%-ы болашақта отбасылы болатынына сенеді.

Некелескендердің бәрі бақытты деген сөз емес

Рейтингте Мальдив аралдары көш бастап тұр. Қазақстаннан кейінгі орында Ресей (1000 адамға 3,9), Беларусь (1000 адамға 3,5) және Қытай (1000 адамға 3,2) келеді.

ТМД елдерінің арасында ажырасудың жоғары көрсеткіші Молдовада (6-орын, 1000 адамға 3) және Украинада (7-орын, 1000 адамға 2,9) тіркелген. Рейтингтің ортасында Қырғызстан (55-орын), Әзербайжан (67-орын) және Тәжікстан (68-орын) орналасқан. Ал Өзбекстанда ажырасу көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 1,1-ді ғана құрады (80-орын). Армения да дәл осындай көрсеткішпен рейтингте 84-орында тұр.

Ажырасулардың ең төмен көрсеткіші Үндістан, Мозамбик және Кения сияқты елдерде тіркелген. Әрине, бұл елдерде некелескендердің бәрі бақытты деген сөз емес. Құқық қорғау саласының нашар екенін, қағазбастылықтың көп екенін және қоғамдық нормалардың қатаң екенін білдіреді.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.