Бағдат Мусинге қатысты іс қозғалып жатыр ма?

0
225

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұрынғы цифрлық даму министрі Бағдат Мусинге қатысты ықтимал қылмыстық істер туралы ақпаратқа пікір берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Антикор Tengrinews.kz ресми сауалына берген жауабында, қазіргі уақытта Мусинге қатысты іс тергеліп жатпағанын хабарлады.

«Сіздің өтінішіңіз бойынша қазіргі уақытта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен оның аумақтық бөлімшелерінде бұрынғы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б.Б.Мусинге қатысты қылмыстық істің жоқтығын хабарлаймыз», — деп хабарлады ведомство.

Еске салайық, мамырдың басында Telegram-арналарда экс-министр Мусинге қатысты қылмыстық іс қозғалды деген ақпарат пайда болған еді. Дереккөз «істер бұрыннан басталған» деп мәлімдеді. Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі және ҚМА бұл ақпаратқа қатысты пікір берген жоқ.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.