Байден мәлімдеме жасады

0
163

Байден Трампқа жасалған қастандықтан кейін, Америка халқын сабырға шақырды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Reuters— ке сілтеме жасап.

«Америкада зорлық-зомбылықың ешбір түріне жол жоқ. Бітті. Сылтаусыз. Бұл зорлық-зомбылықты қалыпты дүниеге айналдыра алмаймыз», — деді Байден Ақ үйден сөйлеген сөзінде.

АҚШ президенті елде сасяи риториканың тым қызып кеткенін айтып, «сабырға келетін уақыт жетті» деді.

Ақ үйдің хабарлауынша, Трампқа оқ атылғаннан кейін, Трамп пен Байден және қазіргі бірінші ханым мен бұрынғы бірінші ханым сөйлескен.

Трампқа жасалған қастандық әрекеті сайлауалды науқаны кезінде және сайлаудан кейін де елде саяси озбырлықтың күшейіп кетуі мүмкін деген қорқыныш ұялатты.

Reuters/Ipsos сауалнамаларының мамыр айындағы қорытындысында респонденттердің үштен екісі Трамптың Байденмен реваншынан кейін елде қатігездік өршіп кетеді деп қауіптенетінін жеткізген. Сауалнамаға жауап бергендер 81 жастағы Джо Байденге де, 78 жастағы Дональд Трампқа да басымдық бермеген.

Еске салсақ, АҚШ президенттігіне кандидат Дональд Трамп Пенсильваниядағы сайлауалды науқанында сөз сөйлеген кезде атыс болып, оның оң құлағын оқ жанай өткен. Алаңдағы тағы бір адамға оқ тиіп, қаза тапты. Қастандық жасаған 20 жастағы жігіт Томас Мэтью Крукс тез ұсталып, сол жерде көзі жойылды.